Nvidia компаниясының нарықтағы капиталы көптеген мемлекеттің жалпы ішкі өнімінен асып түсті
Nvidia компаниясының нарықтағы капиталы көптеген мемлекеттің жалпы ішкі өнімінен асып түсті
2 ай бұрын 691 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Nvidia акциялары соңғы 12 айда 238%-ға өскен. Бұл жайт өз кезегінде аталмыш компанияны ірілігі жағынан Америка құрама штаттарында нарықтағы капиталы бойынша үшінші компанияға айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ixbt.com іскерлік дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған компания жетістігі өзге компаниялар жасанды зерде қосымшаларын жасау үшін пайдаланатын графикалық процессормен тікелей байланысты. Өткен аптада чип өндіретін Nvidia компаниясының нарықтағы құны 1,97 трлн долларға жеткен. Халықаралық валюта қорының ақпан айындағы мәліметі бойынша бұл көрсеткіш әлемнің 11 елінен басқасының жалпы ішкі өнімінен (ЖАӨ) асып түседі. Компания Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея және Австралия сияқты елдерді басып озған. Алайда, белгілі бір акцияның нарықтық капиталдану деңгейін елдің ЖІӨ-мен салыстыруға келмейді, өйткені, ЖІӨ ұлттық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіші ретінде алға шығады, ал нарықтық капитал ашық компанияның барлық акцияларының жалпы құнымен өлшенеді.

0 пікір
Мұрағат