|
Өлі аймақтың аумағы ұлғайып келеді
|
Шығыс Англия университетінің ғалымдары Таяу Шығыстағы өлі аймақтың аумағы ұлғайып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Айта кету керек, Араб теңізінің солтүстік-батысында орын тепкен Оман шығанағындағы аталған аймақта оттегінің көп мөлшерде күрт кеміп кетуімен ерекшеленеді. Адамның тікелей басқаруынсыз 1000 метр тереңдікке дейін тұңғиыққа сүңги алатын суасты аппаратының көмегімен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінен белгілі болғандай, теңіз түбіндегі оттегісіз аймақ бір Шотландия аумағындай. Сөз орайы келгенде айта кету керек, мұндай аймақтар әдетте судың жылынуынан әрі құрлыққа тыңайтқышпен және 200-ден 800 метр тереңдіктен сумен шығатын органикалық заттардың көп шоғырдануынан пайда болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды