|
Оңтүстік-шығыс Азияда тек мұсылмандарға арналған жағажай ашылды
|
Филиппиннің туризм департаменті елдегі халал туризмін дамыту мақсатында «мұсылмандар шығанағы» деп аталатын аумақты жағажай ашты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ttgasia ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Marhaba Boracay деп аталатын мұсылман туристерінің отбасылық демалыс аймағын аталмыш департамент Megaworld Hotels and Resorts компаниясымен бірігіп ұйымдастырды. Филиппиннің Боракай аралындағы Мархаба шығанағы Малдив пен Таиланд жағажайларына ұқсас жобаланған. Жағажай ауданы шамамен 850 м² аумақты алып жатыр. Арал туристерге шариғат талаптарына сай әзірленген тағам түрлерін де ұсынады. Боракай аралы дайвинг орны ретінде танымал және бұл экстремалды спорт үшін инфрақұрылымы бар.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады