Орта Азия елінде қытайдың төлем жүйесі сәтсіздікке ұшырады
Орта Азия елінде қытайдың төлем жүйесі сәтсіздікке ұшырады
2 ай бұрын 483 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың UnionPay ұлттық төлем жүйесі Қырғызстанда толық сәтсіздікке ұшырады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маусым айының соңындағы дерекке қарағанда, аталған елде бірде-бір пайдаланылатын қытай картасы қалмаған. Соңғы екі карта көктем мезгілінде қолданылған екен, көп ұзамай айналымнан шыққан. Қытай компаниясы 2014 жылдан бері республикада орнығуға талпынып келеді. Сол кезде 213 карта пайдалануға берілген екен, кейін карталардың саны екі мыңдай болған. Алайда, жергілікті нарықта қытай карталарының саны осы көрсеткіштен ары аспады. Өйткені, қырғыз нарығындағы бәсекелестік тым жоғары – қытайлардың UnionPay құралы батыстың және жергілікті төлем жүйелеріне төтеп бере алмады немесе нарықтан ығыстыра алмады. Бұл үрдіс сарапшылар айтатын «Қытайдың Орта Азиядағы ықпалының артып келе жатқаны» турасындағы пікірдің қате екенін көрсетіп берді. Нарық шындығы қатал – Қырғызстанның барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарығында Visa, Mastercard және жергілікті «Элкартом» (Ел картасы) төлем жүйелері негізгі ойыншыға айналған. Батыс төлем жүйелерінің үлесіне шамамен 6,6 миллион карта тиесілі, бұл көрсеткіш нарықтың 64,5%-н құрайды, ал «Элкарт» 3,65 миллион картамен (35,5%) едәуір позицияны иеленеді. Айналыстағы төлем карталарының жалпы саны 10 миллионнан асады, оның 60% -ға жуығы ел астанасында – Бішкек қаласында ресімделген.

0 пікір
Мұрағат