|
Ғалымдар сүйек имплантын ойлап тапты
|
Оңтүстік Корея мен АҚШ ғалымдары сынған сүйекті емдеудің жаңа әдісін ұсынды, деп хабарлады 24.kz
Тың құрылғы операция кезінде науқастың денесінде сүйек импланттарын тікелей «басып шығарады». Ол үшін сүйек тініне ұқсас заттар мен инфекцияның алдын алатын антибиотиктерден тұратын арнайы қоспа қолданылады. Мамандардың айтуы бойынша, қоспа төмен температурада балқып, ағза тіндеріне зиян келтірмейді. Сондай-ақ, сүйектің тез әрі дұрыс бітуіне ықпал етеді. Алғашқы сынақ құрылғының қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады