Осы күзде адамзат саны 8 млрд-тан асады
Осы күзде адамзат саны 8 млрд-тан асады
2 жыл бұрын 2251 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары 2022 жылдың қараша айының 15-де адамзат қарасы 8 млрд-тан асатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы БҰҰ-ның бұл тараптағы есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен бірге, әлем халқының өсу қарқыны төмендеуде – қазір бұл деңгей 1950 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болып тұр.

Әр құрлықта қанша адам тұрады?

Азияда адамзаттың 61%-ы, яғни, 4,7 миллиард адам; соның ішінде халқы ең тығыз – Қытай (1,44 млрд адам) және Үндістан (1,39 млрд адам). Дәлірегі, Қытайда адамзаттың 19%-ы, Үндістанда 18%-ы тұрады.

Африкада – адамзаттың 17%-ы, яғни, 1,3 млрд адам.

Еуропада – адамзаттың 10%-ы, яғни, 750 млн адам.

Латын Америкасы мен Кариб теңізінің бассейнінде адамзаттың — 8%-ы, яғни, 650 млн адам.

Солтүстік Америкада және Океанияда адамзаттың 5%-ы, яғни, 370 млн адам.

БҰҰ болжамы

2030 жылы адаммзаттың қарасы 8,5 млрд адамға жетпек, ал 2050 жылы бұл көрсеткіш 9,7 млрд адамды құрамақ, ал 2100 жылы – 11,2 млрд. Демограф сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы Үндістан халық санының көптігі жағынан Қытайды артқа қалдырады. 2050 жылы Африка ттұрғындары, дәлірегі, Сахара шөлінен оңтүстікке қарайғы аймақтарда халық саны қазіргі деңгейімен салыстырғанда екі есеге артады. 2050 жылға дейін еуропалық елдердің көбісінде халық саны 15%-ға кемиді. 2050 жылға қарай адамның ғұмыры ұзарады – 77,1 жасқа дейін. 2019 жылы бұл көрсеткіш 72,6 жас болатын. 

0 пікір
Мұрағат