Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды
Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды
2 жыл бұрын 1501 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Acinetobacter baumannii бактерия қоздырғышында антибиотикке реакциясын өзгертетін, екі компоненттен тұратын сигнал жүйесі бар. Бұл жайында Islam.kz порталы mdpi.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Патогендік бактериялардан ауыр инфекциялық дертке шалдыққан науқастың емі «соңғы буын» антибиотиктерінің тиімділігіне байланысты, десе де клиникалық тұрғыдан мақұлданған дәрілердің деніне төзімділігі артқан супербактериялар бәрібір пациентті өлімші халге жеткізеді немесе өлім қатерін арттырады. Яғни, қауіптің беті қайтпайды. Флиндерс университетінің ғалымдары таяуда жүргізілген бұл бағыттағы зерттеуінде бактериялық жасушалардың микробқа қарсы дәрілерге қалай бейімделетініне және оларға қарсы қалай тұратынына назар аударған болатын. Ғалымдар ауруханаларда жиі кездесетін Acinetobacter baumannii штаммына назар аударды және оның қуатты антибиотик саналатын колистинге жасушалық реакциясын зерттеп көрді. Ол Paenibacillus polymyxa-ның белгілі штамдарымен өндіріледі және грам-теріс бактериялардың көпшілігіне қарсы тиімді. Acinetobacter baumannii бактерия қоздырғышының антибиотикке реакциясын өзгертетін, екі компоненттен тұратын сигнал жүйесі бары белгілі болды. Бұл байқалған екі компонентті сигнал трансдукциясының репрессор ретінде әрекет ететін StkR/S жүйесіндегі жауапты реттегіш ақуызды қамтитыны және генетикалық тұрғыдан жойылған кезде жүздеген транскрипциялық өзгерістер  орын алатыны белгілі болды. Бұл өзгерістердің кейбіреулері бактерия жасушасының сыртқы қабықшасының құрамына әсер етеді, нәтижесінде колистинге төзімділік пайда болады. Нәтижесінде эксперимент бактериялардың антибиотикті еңсеретіні байқалды. Әдеттте дәрігер колистинді инфекциялық дертке шалдыққан науқас  барлық антибиотиктен жазылмағанда немесе сауықпағанда соңғы мүмкіндік ретінде қолданады. Сондықтан бактериялардың осындай қуатты дәріге төзімділігіне ықпал ететін тетіктерді анықтаудың және түсінудің маңызды өте зор. Мелисса Браун есімді профессордың пікірі осындай. Патогендердің дәріге төзімділігі қандай жағдайда қалыптасады? Әдетте бактериялар, вирустар, саңырауқұлақ (инфекцияның қауіпті түрілерінің бірі – ред.) немесе паразиттер уақыт өте келе өзгеретіндіктен қолданыстағы дәрілердің тиімділігі жоғалады. Міне, осындай себеппен антибиотиктер мен өзге де инфекциялық ауруларға қарсы дәрілер жетілдіріліп отырады.

Бактериялардың антибиотикке төзімділігін арттыратын азық түрлері аталды 

Дарья Русакова есімді ресейлік медицина ғылымдарының кандидаты, ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі, нутрициолог, дәрігер Ura.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында антибиотиктердің кейбір түлеріне бактериялардың төзімділігін қалыптастыратын азық түрлерін атады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, сүт өнімдері, тауық еті, сондай-ақ, мал еті жоғарыда айтылғанға себеп болуы мүмкін. «Сүт өнімдерін өндіруде ашып кетуден, бұзылудан сақтайтын бактерияға қарсы препараттар жиі қолданылады. Мал шаруашылығында – мал ауырмасын деп. Бұл антибиотиктерге төзімділіктің артуына әкелуі мүмкін. Малды сою кезінде дайын өнімге түспеу үшін заттар концентрациясын ең төменгі деңгейде ұстау керек», деп мәлімдеді ол. Ал оның әріптесі, диетолог дәрігер әрі терапевт, дұрыс тамақтану саласының маманы Наталья Лазуренко өз кезегінде ірімшікті, оның ішінде көк ірімшікті барлық басқа сүт өнімдерінен бөліп, оның антибиотиктерге ең үлкен төзімділігін тудыруы мүмкін екенін түсіндірді. Маман тітіркенген ішек синдромы, кандидозбен ауыратындарға, сондай-ақ молочницамен жиі ауыратындарға ірімшіктен бас тартуға кеңес берді. 

0 пікір
Мұрағат