Ер адамдардың ыстық кезде артық салмақ қосатыны айтылды
Ер адамдардың ыстық кезде артық салмақ қосатыны айтылды
2 жыл бұрын 1623 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ер адамдардың, әсіресе, жаз мезгілінде толатыны немесе артық салмақ қосатыны белгілі болды. Бұған теріден «аштық гормоны» - грелиннің бөлінетіні себеп болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал әйелдерде қалай? Эстроген оның шығарылуына кедергі келтіреді, сондықтан әйелдердің тәбеті өзгермейді. Бұл тарапта үш мыңдай адамға екі жыл бойы тәжірибе жүргізген израилдік ғалымдардың тұжырымы осындай. Ыстық орнағанда ер адамдар құнарлы тағамдарды жиі тұтынатынын мойындаған. Ал әйелдердің тамақтану әдеті немесе рационы жыл мезгілдеріне қарай өзгермейтін болып шықты. Бұл бағытта кеміргіштерге де тәжірибе жүргізіп көрген екен: он апта бойы күн сайын тышқандарды ультракүлгін сәулемен сәулелендірген, нәтижесінде тышқандардың еркегі әдеттегіден көбірек қорек қабылдаған. Ультракүлгін сәулеленудің аталық кеміргіштердің терісіндегі май жасушаларынан грелиннің бөлінуін ынталандыратыны анықталды. Гипоталамусқа түскенде грелин тәбетті ашады. Осының арқасында тышқандар семірді. 

0 пікір
Мұрағат