|
Осымен 28-ші ел түрік беспилотнигін сатып алмақ
|
Кувейт түріктердің қорғаныс флагманы Baykar фирмасынан ТВ2 беспилотниктерін 367 млн долларға сатып алу жөніндегі келісім-шартқа отырды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі тараптан үкіметаралық келісімде түріктің озық қаруларының Кувейтке қашан және қаншасы жеткізілетіні айтылмаған. Сөз орайы келгенде түрік беспилотниктеріне халықаралық сұраныс артып келеді, өйткені, бұл қару Сирияда, Ливанда, Әзірбайжанда және Украина майданындағы қарулы қақтығыстар кезінде өзінің тегеуріні мен тиімділігін танытқан қару. Кувейт осымен 28-ші ел екен түрік беспилотниктерін, дәлірегі, Bayraktar TB2 ұшқышсыз ұшатын аппараттарын сатып алуға мәміле жасасқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)