Өткен жылы халал экспорт мөлшері 14 млрд доллардан асты
Өткен жылы халал экспорт мөлшері 14 млрд доллардан асты
2 ай бұрын 448 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2024) жаһандық халал нарығы зор жетістікке жетті. Дәлірегі, шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдер экспорты күрт өскен. Бұл жайында islam.kz порталы newshalal ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы халал экспорт мөлшері 14 млрд доллардан асқан. Бұл үрдіс ең алдымен мұсылман халықтары санының көбеюімен және мұсылман еместер тарапынан сұраныстың артуымен байланысты орын алған. Сарапшылардың айтуынша. Бұдан бөлек, халал өнімдерге қатысты әлем жұртшылығының құлағдар болуы да сұраныстың артуына ықпал еткен. Яғни, демографиялық, маркетингтік (бағдарламалар, ынталандыру шаралары, келісімдер мен мәмілелер, т.б.) факторлар, сондай-ақ, халал нарығының әртараптандырылуы (дәрі-дірмек, опа-далап, азық-түлік, қаржы, туризм, логистика, т.б.) да маңызды рөл ойнаған. Екінші жағынан, сапа мен қадағалау шаралары да тұтынушылар тарапынан халал өнімдерге сенімділік қалыптастырып отыр. Ең басты фактор - мемлекет деңгейде немесе стратегиялық тұрғыдан мән берілгені халал нарығын кеңейткен. Халал экономика әр елдің ұстанған саясатына қарай жалпы ішкі өніміндегі үлесі артып келеді. Бұған халал өндірушілердің өз бизнесін ұлғайтуы себеп болып отыр. Осыған байланысты халал экономика жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде. Инвестиция тартудың құралына айналуда. Енді жаһандық халал нарығының негізгі ойыншыларына келсек. Малайзия, Индонезия, Таиланд – оңтүстік-шығыс Азияның аталған үш елі негізінен тағам өнімдері мен жартылай дайындалған өнімдер бойынша бұл нарықта көш бастап тұр. Ал Таяу Шығыс аймағында (Саудия мен Біріккен Араб Әмірліктері) халал өнімдерді импорттаушы әрі экспорттаушы елдер ретінде халал өнімдер нарығының ірі жеткізуші тізбегіне айналған. Кәрі құрлықта (Франция, Германия) халал опа-далап және тазалық құралдары, дәрі-дәрмек өнімдерінің нарығын ұлғайып келеді. Бүгінде тұтынушылардың сенімін жаулап алу үшін блокчейн секілді осы заманғы озық технологиялар қолданыла бастаған халал тауарлар тізбегін қадағалауда. Бұған қоса, тауарларды өткізудің электронды саудасы жолға қойылған. Интернет кеңістігінде платформалар ашылуда. Бұл технологиялық игіліктер халал өнімдердің танымалдылығын арттырып, саудасын ұлғайтуға сеп болуда.

Материалды islam.kz порталы Holding Marketplace компаниясы сарапшыларының шолуы негізінде әзірледі

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3