|
Өзбекстан билігі тойға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салды
|
Өзбекстан парламентінің қос палатасы біріккен отырыста отбасылық шараларды өткізу ережесін бекітті деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасап nur.kz хабаралады.
Ережеге сай, келер жылдан бастап Өзбекстан халқы тойға 200-ден артық қонақ шақыра алмайды.
«Палау беру» рәсіміне шақырылатын адамдар саны 250-ден аспауы тиіс. Егер қос жұп тойы болса, оған 250-ге дейін ғана адам қатыса алады.
Сондай-ақ, жаңа ережеге сәйкес жаназамен байланысты рәсімдер үш күннен артық созылмауы тиіс.
Сонымен қатар жаңа тәртіп бойынша, шара кезінде және одан кейін де «ұлттық дәстүрге қайшы келетін» ғұрыптар атқаруға тыйым салынған.
Бұл енгізілген ережелердің орындалуын барысын аудандық кеңес басшылары қадағаламақ.
Айта кетейік, мұндай шектеу Тәжікстанда да енгізілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды