|
Пәкістан шаруаларына 5 миллион смартфон беріледі
|
Пәкістан Үкіметі фермерлерге 5 миллион смартфон береді. Оның көмегімен фермерлер ауа райын қарап, ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері туралы кеңестер ала алады. Мобильді телефондардың бірінші партиясы қазан айында жеткізіледі. «Фермерлер өнімділікті арттыру үшін пестицидтерді қалай пайдалануға болатыны жайлы тегін хабарламалар ала алады», - деп мәлімдеді Ақпараттық технологиялар кеңесінің төрағасы Умар Саиф. Ол смартфондар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге Пәкістанның метеорологиялық бөлімі қатысқанын қосты, сондықтан фермерлер тұрақты түрде ауа райын бақылай алады. Бұдан басқа, смартфондар көмегімен олар мемлекеттен пайызсыз несие ресімдейді және үкімет бұдан бұрын бекіткен несие беру тәртібімен танысуға мүмкіндік туды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды