Пәкістанның төл ақшасы әлемдегі ең күшті валютаға айналып келеді
Пәкістанның төл ақшасы әлемдегі ең күшті валютаға айналып келеді
7 ай бұрын 693 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Chjeevan / Shutterstock / Fotodom

Пәкістанның рупиі (аталған елдің ұлттық ақшасы) 2023 жылдың қыркүйек айында құлдыраған деңгейінен көтеріліп, ай қорытындысы  бойынша әлемдегі ең күшті валютаға айналды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде биржа деректеріне жөн сілтеген CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон қор биржасының мәліметі бойынша пәкістандық валюта қыркүйек айының басында АҚШ долларына қатысты рекордтық төменгі деңгейге дейін құлдырап, артынша сегіз пайыздан астамға қымбаттап, өзге валюталарға қарағанда жедел күшейген. «Пәкістан рупиясы осы айда әлемдік деңгейден асып түсті, оған биліктің доллардың заңсыз саудасын тоқтату шаралары көмектесті», - деді HDFC Securities қаржы қызметтері фирмасы соңғы есебінде. Arif Habib Limited бағалы қағаздар брокерлік фирмасының зерттеу бөлімінің жетекшісі Тахир Аббас бұл ақпаратты растады және бұл тарапта мемлекеттің қатаң реттеу шарасының валютаның күшеюіне көмектескенін ескере отырып, рупидің одан ары нығаятынын алға тартып отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пәкістанның федералдық тергеу агенттігі ресми емес арналар арқылы тиісті құжатсыз доллар сатып алып, сатумен айналысатын заңсыз валюталық операциялармен айналысатын айырбастау компанияларына жалпыұлттық рейд жүргізген. Осылай деген сарапшы Пәкістан билігін осы оңтайлы сәтті пайдаланып, ел экономикасына қан жүгіртуі тиіс шетелден тікелей инвестиция тарту қамына кірісуге кеңес берді. Пәкістанда шетелдік инвестиция молынан тартылса, пәкістанық ақшаға сұранысты арттырып, айырбас бағамын көтереді. Осы орайда Вloomberg іскерлік ақпарат көзінің бұрын ауғандардың да ұлттық валютасының тез күшейіп келе жатқаны турасында хабар таратқанын айта кетпекпіз. Жыл басынан бері ауғандардың төл ақшасы шамамен 14 пайызға қымбаттаған, соның арқасында Колумбия мен Шри-Ланка валюталарымен бірге өсу қарқыны бойынша алғашқы үштік құрамына енді. Ауғанстанның ұлттық валютасының өсуіне гуманитарлық көмек пен көрші елдермен арадағы сауда-саттықтың артуы себеп болған.

0 пікір
Мұрағат