Палестиналықтар израилдік магнаттарды бірнеше миллиардқа сотқа берді
Палестиналықтар израилдік магнаттарды бірнеше миллиардқа сотқа берді
8 жыл бұрын 2253

Бассим әл-Тамим бастаған құрамында 36 адам бар палестиналық белсенділер АҚШ-та жұмыс істеп жатқан магнаттарды, алпауыт компанияларды және қайырымдылық ұйымдарды бірнеше миллиардқа сотқа берді. Палестиналық белсенділер олардың үстінен байырғы мұсылман тұрғындардың құқығын бұзып, израилдік келімсектердің заңсыз қоныстануын қаржыландырғаны үшін шағымданды. Нақтырақ айтқанда, Лас-Вегастағы казино қожайыны Шелдон Аделсонның, Шығыс Құдыстағы жылжымайтын мүлік меценаты Ирвинг Московицаның және пастор Джон Хагидің үстінен шағымданған. Сондай-ақ, олардың арасында «Израилдік жамағаттың христиан достары» деп аталатын қайырымдылық ұйымы, Өлі теңіз өнімдерін опа-далап жасайтын "Ahava» жекеменшік фирма, қауіпсіздік саласындағы британиялық G4S фирмасы, «Israel Chemicals Limited» өнеркәсібі бар. «Біз мұндай қадамға ақша үшін барып отырған жоқпыз. Бұл арада сөз әлем жұртшылығының көзін мынаған жайтқа ашқымыз келеді: америкалық салық төлеушілердің есебінен палестиналықтарды қырып жатыр»,- деді "AlJazeera» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында "MartinMcMahonandAssociates» заң фирмасының өкілі, шағымданушылар қорғаушысы Мартин МакМэхон.

0 пікір
Мұрағат