|
Парсы шығанағы елдері арасында тек Саудия ғана теміржол желісіне ие
|
Парсы шығанағы елдерін (атап айтқанда, Саудия, Біріккен араб әмірліктері, Оман, Катар, Бахрейн және Кувейт) өзара байланыстыратын теміржол желісін ашу бастамасы айтылғанымен ауқымды жобаның қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда Саудияның парсы шығанағы елдері арасында жолаушылар пойызын пайдаланатын бірден-бір жалғыз мемлекет екенін айта кету керек. ХХ ғасырдың басында Османлы кезінде төселген Сириядағы Дамашық қаласын қасиетті Мәдинамен байланыстыратын теміржол желісініңң бір бөлігі. Осы күнгі жолаушылар пойыздары енді Иорданиямен шекараға жақын орналасқан Ер-Рияд және Куруйят сияқты қалаларды, сондай-ақ, Ер-Рияд және Даммам айлағы қаласын қосады. Сондай-ақ, қасиетті Мәдина мен Мекке қалаларының арасында теміржол қаатынасы бар. Метро желісі Парсы шығанағының бірнеше қаласын қамтыған, соның ішінде 2024 жылы Ер-Рияд, 2009 жылы Дубай және 2019 жылы әлем чемпионаты қарсаңында Доха қаласында ашылған. Өткен жылдың соңында Катар Сауд Арабиясымен Ер-Рияд пен Доханы байланыстыратын жылдамдығы жоғары теміржол салу туралы келісімге қол қойғанын жариялады. Оның құрылысын аяқтау мерзімі 2031 жылға жоспарланған.