Қалыңдық үйлену тойына табытпен келді
|
Британияның Уэльс графтығының Дженнифер Баклеф есімді 58 жастағы қалыңдық меймандарды тосын әрекетімен таңқалдырғысы кеп, өзінің үйлену тойына табытпен келді. Парасаттан жұрдай парықсыз әрекетімен атаулы күнін есте қалдырғысы келген қалыңдық мақсатына осылайша қол жеткізді. Яғни, оспадар әзілімен меймандарын шошытты. Бұл жайында «Mirror» ақпарат көзі хабар таратты. Дос-жарандар мен туған-туыстары табытты көріп, шошып кеткен. Қалыңдыққа бірдеңе болып қалды ма деп. Ол жатқан табытты байкер ағасы алып келген той өтетін жерге. Белгілі болғандай, Дженнифер Баклеф ұзақ жылдар бойы жерлеу бюросында мәйіттерді бальзамдаумен айналысып жұмыс істеген.
Мұрағат