Қарттар үшін жұмыс орындары ашылады
Қарттар үшін жұмыс орындары ашылады
5 жыл бұрын 1841 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея билігі тұрмысы төмен қарттарды жұмыспен қамту жобасын қолға алып жатыр. Бұл жайында Yonhap News ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 2022 жылға дейін елде 800 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Қариялар үшін. Осы жылдың өзінде аталған ел аумағында жасы егде тартқан ел азаматтары үшін мемлекеттік секторда 30 мың, ал әлеуметтік салада 200 мың жұмыс орны ашылған. Таңғы шық елінің билігі, сонымен қатар, 2020 жылы табысы төмен (жылына 25 млн воннан, яғни, 21 мың доллардан кем) ел тұрғындарына көмек көрсетпек. Бұдан бөлек, 2019 жылдың екінші жартысында ел азаматтарының еңбек демалысына төленетін ақыдан салық алмауға бел буып отыр. 

0 пікір
Мұрағат