|
Қарызы бар борышкерлерді түрмеге түсуден қалай қорғайды?
|
Суданның мұсылман жастары биыл қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға көмектесу бағытында сауапты да қайырлы болып табылатын қайырымдылық істерді біршама модернизациялап, қарызын төлей алмағаны үшін абақтыға жабылып, түрмеде жазасын өтеп жатқан жалғызбасты аналардың қарызын төлеп беріп, борышкерлерге бостандық алып беруде. «Біз он доллар үшін адамды жазықты етіп, оны жазалау үшін оның балаларының көзін жәудіретіп абақтыға жапқаны ақылымызға сыймайды, көңілімізге қонбайды», - деді өз еркімен осынау игі бастамаға үн қосып, атсалысып жүрген жастар белсендісі Сами Альшинави. Ал судандық саясаткер Раби Абд Алятидің айтуынша, бұл бастама – қасиетті Рамазан айындағы дәстүрге айналған қайырымдылық істердің осы заманғы жалғасы болып табылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады