Қасиетті Меккенің өз әуежайы болады: Саудия билігі жобаны мақұлдады
Қасиетті Меккенің өз әуежайы болады: Саудия билігі жобаны мақұлдады
4 сағат бұрын 78 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының билігі қасиетті Мекке қаласында салынуы тиіс тарихта алғашқы әуежай құрылысының жоспарын ресми бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Harvard Business Review Arabia мерзімді басылымына сұхбат берген Мекке мен киелі мекендер жөніндегі мемлекеттік комиссияның бас директоры әрі инженер Салық әр-Рәшид мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, бұл жобаның техникалық-экономикалық зерттеу жұмыстары аяқталып, стратегиялық, экономикалық және инвестициялық бағыты ресми қабылданған. Қажылар үшін маңызы зор жобаны мейлінше тиімді басқару  әрі қаржыландыру үшін жекеменшік компаниялар жәрдем көрсетеді. Бұрын қасиетті Қағбаның үстінен әуе кемесінің өтуіне жол бермес үшін мұндай жобаға рұқсат берілмей келген еді. Бұрын шетелдік қажылар алдымен Жидда қаласына келіп, Меккеге дейін 80-90 шақырым жол жүруге мәжбүр болатын. Десе де әуежайдың орны әлі басталатын мерзімі әлі анықталған жоқ. Алайда, халықаралық әуежай қасиетті Харам мешітінің аумағынан алыстау жерден салынады. Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан елдегі ауқымды реформа мен Vision 2030 стратегиясына сәйкес 2030 жылы Саудия жылына 30 млн қажыны қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл өршіл мақсаттың үддесінен шығу үшін алдымен инфрақұрылымды дамытуға жете көңіл аударылып отыр. Жаңа әуежай Haramain High-Speed Rail жылдамдығы жоғары теміржолмен кіріктірілетін болады.

Ранее в качестве вероятной локации назывался проект Аль-Файсалия — масштабное развитие территории между Меккой и Джиддой, включающее также морской порт и административные центры региона.

0 пікір
Мұрағат