Құлша жұмысқа жегілген балалардың қарасы көбейіп келеді
|

Гуманитарлық агенттік сириялық босқын балардың адамды майып ететін немесе өліміне себепкер болатын жазатайым оқиға орын алу ықтималдығы басым қауіпті жағдайда ауыр жұмыстарға жегілгеніне алаңдаушылық білдірді. Балалар құқығын қорғаумен айналысатын бүкіл әлемдік ЮНИСЕФ ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, сириялық босқындар көптеп шоғырлданған Иордания аумағындағы сириялық балалардың жартысы талай жылға созылған азаматтық соғыстан мерт болған немесе мүгедек болып қалған әкелерінің орнын алмастырып, отбасын асырау үшін жастарына сай келмейтін ауыр жұмыстарға жегілген. Олардың арасында алты жастағы балалар да кездеседі. Аталмыш агенттіктің есебі бойынша Заатари босқындар лагерінде жұмыс істейтін балалардың төрттен үш бөлігінде денсаулықтарында кінәрат пайда болған. Олар аптасына кем дегенде 6 күн жұмыс істейді немесе демалыс дегенді білмейді. Алатын ақылары мардымсыз; күніне 4-7 доллар ғана табыс табады. Мәселен, агенттік есебінде сөз болған 13 жастағы бала 10 келі тартатын картоп толтырылған қапты тасуға мәжбүр. Егер картоп жерге түсіп қалса, таяқ жейді.




