|
Мектеп қабырғасында әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
|
Түркияның білім беру министрлігі білім беру мекемелеріндегі ережені күшейтті. Соның ішінде ғаламторды пайдалануға қатаң тыйым салынды. Оқушылар әлеуметтік желілерді мектеп қабырғасында пайдалану үшін бұдан былай мұғалімдердің рұқсатын алуы керек. Сондай-ақ, ғаламторда оқу ордасының аумағында түсірілген қандай да бір фото-суретті жариялауға, әсіресе, видеоны жүктеуге тыйым салынды. Мектеп қызметкеріне тіл тигізгендер жазасыз қалмайтын болды. Бұл тыйымға құлақ аспай, бейәдеп әрекеттерге барған, ұлттық құндылықтарға қайшы, адамгершілікке жат әректтерге жол берген оқушылар мектептен уақытша шығарылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды