Күйзеліске түскен әйел өмірден өз еркімен кету құқығына ие болды
Күйзеліске түскен әйел өмірден өз еркімен кету құқығына ие болды
9 жыл бұрын 4863

Бельгияда Лаура есімді 24 жастағы күйзеліске түскен әйел эвтаназия (өмірден өз еркімен кету) жасату құқығына ие болды. Бұл жайында «Newsweek» ақпарат көзі хабар таратты. Ауыр күнәлардың бірінен саналатын, Алла аманат етіп берген жанын өз қолымен қиюына оның бірнеше жыл бойы күйзелістен (депрессия) арыла алмағаны себеп болған. «Мен үшін өлім – таңдауға жатпайтын жол. Егер менің қалауыма салсаң, өмір сүргім келеді. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Алайда, бәрі сәтсіз аяқталды»,- деп ақталды ол. «Christian Examiner» ақпарат көзінің хабарына қарағанда ішімдікке салынған анасы Лаураны бір жасында, яғни, нәресте кезінде тастап кеткен. Әкесі де ішімдікке салынған. Лаура өз-өзіне қол жұмсауға алты жасында ниеттенген екен. Содан бері бұл ой санасын шырмап алған. 21 жасында бірнеше рет суицид жасап көруге талпынған. Ақыр соңында психикалық емханадан бір-ақ шыққан. Айта кетейік, бұл елде эвтаназияға 2002 жылы рұқсат етілген, Заң жүзінде. Алайда, ауруы жанына батып, шыдатпаған науқастар, яғни, шипасы жоқ сырқатқа шалдыққандар ғана эвтаназия жасатуға құқылы. Сондай-ақ, эвтаназия жасатуға Нидерланды, Люксембург және Колумбияда рұқсат етілген. Ал Швейцарияда төрт мың еуро қаржыға эвтаназия жасатуға болады.

2 пікір
  • Жүректе тыныштық болмаған соң өмір сүру қорқынышты көрінеді. Жүрек Алланы зікір еткенде ғана жай табады. Бұл әйел Исламға келгенде бәлкім бұл ойынан бас тартар еді.
    9 жыл бұрын
  • Жүректер тек Алланы зікір етумен ғана жәй табады
    9 жыл бұрын
Мұрағат