Қағба тегін ғаламтормен қамтамасыз етіледі
Қағба тегін ғаламтормен қамтамасыз етіледі
9 жыл бұрын 3335

Нұрлы Мекке шаһарындағы барлық қасиетті ғимараттар, соның ішінде Қағбаның маңы да тегін ғаламтормен қамтамасыз етіледі. Қасиетті екі мешіт басқармасының ақпараттық технология орталығының директоры

Бандар әл- Кузеймнің айтуынша, бұл шара қажыларға көрсетілетіни қызметтің сапасын артыруға бағытталған. Тегін ғаламтор арқылы қажылар мешіт әкімшілігімен байланысып, өзін толғандырға мәселелер бойынша тілдесіп, смартфонынан тікелей нұсқау ала алады. Сондай-ақ, қасиетті Қағбаны тәу етіп жүрген қажылар қолындағы мобилді құрылғысы арқылы енді қанша рет айналу керектігін біліп отырады. «Біз ғаламтор арқылы Рамазан айында Харам мешітінде ауыз ашқысы келетіндер үшін тағамға тапсырыс беруге мүмкіндік беретін қосымшаны да әзірледік»,- деді ол сөзін толықтырып. Игтикаф намазына электронды жолмен араб, ағылшын, түрік, парсы, урду және француз тілдерінде тіркелуге мүмкіндік жасалуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат