Құрбан айтта өзбекстандықтар неше күн демалады
Құрбан айтта өзбекстандықтар неше күн демалады
1 ай бұрын 298 inform.kz Әлихан Асқар

KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Құрбан айтты мерекелеу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбі күніне түседі. Сондықтан демалыс дүйсенбі, яғни 17 маусымға ауыстырылды. 

Сондай-ақ сейсенбі, 18 маусым барлық жұмысшылар үшін қосымша демалыс күні болып жарияланды. 

Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін өзбекстандықтар Құрбан айтта қатарынан 4 күн демалады: 15 маусымнан 18 маусымға дейін. 

Қоса кетсек, бұған дейін қазақстандықтардың Құрбан айтта қанша күн демалатынын жазып едік. 

0 пікір
Мұрағат