Құрбандыққа ірі қара шалуға заңмен тыйым салды
Құрбандыққа ірі қара шалуға заңмен тыйым салды
10 жыл бұрын 3269 muslim.kz

Үндістан мемлекетінің Джамму және Кашмир штаттарында 83 жыл бұрынғы заңды қайта күшіне енгізіп, сиыр малын саудалауға және етін тұтынуға тыйым салды. Бұл тыйым аталмыш аймақта тұратын мұсылман қауымының ашу-ызасын тудырды.

«Бұл кашмирлік мұылмандарды тағы бір тексеру сияқты. Біздер өз құқығымыз үшін қаншама онжылдықтар бойы күресіп келеміз», – деді есімін айтпауды жөн санаған жас жігіт OnIslam.net ақпарат орталығына берген сұхбатта.

«Кашмирлктер дағдарыс жылдары түрлі сынақтарды басынан кешірді. Құрбандыққа сиыр шалуға тыйым салғаны – бұл да бір сынақ. Бірақ, кашмирлік мұсылмандар бұны қабылдамайды және аяғына дейін күреседі», – дейді Кашмир тұрғындарының бірі Мухаммад Айюб Мир.

Үнді елінде Зеңгібаба ұрпағын саудалауға және етін тұтынуға салған тыйым ерте замандарда болған еді. Алайда, аталмыш тыйымның орындалып жатқан-жатпағанына ешкім көңіл де бөлмейтін. Ілік іздеген индус соттар Құрбан айт мерекесіне санаулы күндер қалғанда сол заңды күшіне енгізіп, бұзушыларды қатаң жаза күтіп тұрғанын айтады.

Кашмир штатының бас мүфтиі Башируддин аталмыш тыйым жайлы өз пікірін білдіріп, бұл мемлекеттің дінге негізсіз араласуы деп атады.

 

0 пікір
Мұрағат