|
Нокаутқа түскен боксшы ажал құшты
|
Австриялық боксшы кіші Дэвид Браун филиппиндік Карло Магалимен жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат Sky News Australia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Жұмада Инглбернде (Австралия) IBF нұсқасы бойынша өңірлік титулдардың бірі үшін өткен екінші жартылай жеңіл салмақтағы айқас 12 раундта нокаутпен, Магалидің жеңісімен аяқталды.
Браун айқастан кейін ми жарақатымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бірнеше күннен кейін боксшы көз жұмды.
28 жастағы Браун кәсіби рингте 22 рет жеңіп, екі рет жеңілген, бір айқасты тең аяқтаған, деп хабарлайды vesti.kz.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды