Қытай билігі азаматтарды қадағалау жүйесін жасанды зерде технологиясымен жабдықтайды
Қытай билігі азаматтарды қадағалау жүйесін жасанды зерде технологиясымен жабдықтайды
14 сағат бұрын 139 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ел тұрғындарын жаппай қадағалудың ұлттық жүйесін мүлдем жаңа белеске шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде цифрлы қауіпсіздік жөніндегі халықаралық сарапшылардың есебі мен тергеу деректеріне жөн сілтеген The Bell ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Қытай билігі қоғамдық орындар мен әлеуметтік желідегі қадағалау жүйесін генеративті жасанды зердеге кіріктірген. Жаңғыртылған немесе жетілдірілген бақылау жүйесі енді көпшіліктің арасынан әр адамның бет-жүзін танып, қозғалыс бағыттарын анықтап қана қоймай, сонымен қатар, адамдардың жүріс-тұрысын болжай да алады. АІ қаржылық транзакциялардың немесе ақша аударымдарының көп жылдық тарихын, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды, жеке байланыстарды, тіпті, блоктарда тексеру кезінде азаматтардың мимикасын талдайды. Осы метадеректер негізінде алгоритм автоматты түрде «сенімділік индексі» деп аталатын мәліметтерді есептеп шығарады және құқық бұзуға бейім адамның әрекетінің алдын алады, яғни, қылмысқ баруына жол бермейді. Мұндай жаңартылған нейрожелі оппозициялық көзқарастағы азаматтар арасындағы жасырын байланыстарды іздеуге және цензураланбайтын, яғни, шектеу қойылмағае ақпаратты беру тізбектерін қадағалауға ерекше назар аударады. Жаңа алгоритмдер қытай пайдаланушыларының ұлттық мессенджерлерде мемлекеттік цензураны айналып өту үшін пайдаланатын құпия сын контексін, эзоптар тілі мен мемдерін бірден анықтауға қабілетті. Осылайша Қытай әлемдегі елдер арасында алғашқы болып цифрлы автократия режимін енгізеді. Ал бұл жайт өз кезегінде репрессия науқанын автоматтындыруға, азаматтар құқығының өрескел бұзылуына жол ашады. Қытай билігінің бұл қадамын сынға алған халықаралық құқық қорғау ұйымдары мұндай қадағалау технологиясын “болжау тыңшылығы” (predictive policing) атап кетті. Қытай тек өз елімен ғана шектеліп қалмай, цифрлы автократияны өзге де автократиялы елдерге экспорттап жатыр. Осылайша әлемнің бірқатар елінде адамның жаһандық стандартқа негізделген құқығына қайшы келетін келеңсіздікке жол беріліп отыр. 

0 пікір
Мұрағат