Аптап ыстықтың тағы бір кері әсері анықталды
Аптап ыстықтың тағы бір кері әсері анықталды
14 сағат бұрын 134 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы жоғарғы ауа температурасының шала туу қатерін арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental International мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар әлемнің 13 елінен 250 қаласындағы аптап ыстық орнайтын маусымдағы 36,6 млн босану деректерін сараптамадан өткізген. Талдау нәтижесі көрсеткендей, орташа ыстық кезінде мерзімінен бұрын босану қаупі 2,8%, ал төтенше жағдайда - 3,8% өскен. Орташа есеппен жылудың әсеріне байланысты әрбір миллион босану көрсеткішіне шаққанда 855-ке жуық ерте босану жағдайы тіркелген. Зерттеушілер, сондай-ақ, аптап ыстықтың жүктілік мерзімін ұзартқанда да босану уақытын жылдамдатуы мүмкін. Бұл дегеніміз - жоғары температура босану қызметін іске қосуға қабілетті сыртқы фактор ретінде көрінуі мүмкін. Жас аналар, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен, жоғары білімі жоқ аяғы ауыр әйелдер, жалғызбасты аналар ыстықтан неғұрлым қорғалмаған болып шықты. 

0 пікір
Мұрағат