Қытай билігі халықты бақылаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты
Қытай билігі халықты бақылаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты
1 ай бұрын 444 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі онлайн сәйкестендірудің (онлайн режимде анықтаудың) орталықтандырылған жүйесін іске қосайын деп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Business (edition.cnn.com) аақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай билігінің ұйғарымы бойынша жаңа, виртуалды ID (virtual ID) платформасы «азаматтардың жеке басының деректерін қорғап, цифрлы экономиканың дамуына ықпал етуі тиіс». Әлбетте, бұл бастама ел тұрғындары үшін міндетті болмаса да құқық қорғаушылар пікірінше, аталмыш жүйе жаппай бақылау орнатудың қуатты құралына айналмақ. 2012 жылы Қытай билігіне Ши Жипин (Xi Jinping) келгелі елдің киберкеңістігі әлемдегі ең қатаң қадағаланатын кеңістікке айналған. Бұл тарапта тұтас бақылаушылар әскері жасақталған. Олар күні-түні интернет кеңістігін қас қақпай бақылайды. Авторитарлық режимге жақпайтын немесе қарсы келетін контенттер жойылады, аккаунттар бұғатталады, билікке наразылық сарындағы сыни пікір иелерін қара тізімге алады. Ал жаңа, виртуалды, мемлекеттік қадағалау қызметі адамдардың жеке бас мәліметтерін бір базада тиімді жинауға әрі бір орталықтан қадағалауға, сондай-ақ, кез келген интернет пайдаланушының әлеуметтік желә мен сайттарға кірген сәтінен бастап шыққанға дейінгі цифрлы іздерін нақты уақыт аралығында бақылауға, қажет болған жағдайда онлайн кеңістіктен ажыратуға мүмкіндік бермек. China Human Rights Defenders  үкіметтік емес құқық қорғау ұйымының Шейін И (Shane Yi) есімді сарапшысы интернет кеңістігіндегі мұндай инфрақұрылымның авторитарлық режимнің қырағылығы мен құзыретін арттыруға көмектесетінін алға тартып отыр. Ал билікке бағынышты мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары мұндай платформаны жеке бас мәліметтерін қорғауда қосымша сауыт қызметін атқаратынын алға тартып ақталуда. Хошен Сун (Haochen Sun) есімді заңгердің айтуынша, орталықтандырылған жеке бас мәліметтерінің ешуақытта 100 пайыз қорғанысы болмайтынын алға тартып отыр. Миллиардтаған адамның жеке бас мәліметтері бір-ақ күнде ашық ақпарат алаңына айналып кету қаупі басым. 2022 жылы мұндай жағдай орын алғанын да келтірді мысал ретінде. Дегенмен, аталмыш жоба қоғам талқысына ұсынылғандықтан әлі ресми қабылдана қойған жоқ. Осы орайда 2025 жылдың мамыр айында бұл бағыттағы ереже жарияланып еді, әлеуметтік желілерден билікке қарсы сыни пікірлер жоғалып жатқанын да кетпеске болмайды. 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3