Қытай ел тұрғындарын Айдан бақылауға көшеді
Қытай ел тұрғындарын Айдан  бақылауға көшеді
2 ай бұрын 2389 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ұлттық ғарыш басқармасы  (CNSA) мен Айды зерттеу және ғарыш инженериясы орталығы Жерді спутниктен бейнебақылау жүйесін орнататынын жариялады. Бұл жайында islam.kz islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» және күдікті әрекеттерді бақылау үшін болашақ ай стансасының айналасына камералар орнату жоспарлануда. Қытай мүддесіне қайшы әрекеттердің орын алғаны анықталса, аталмыш жүйе «шара қолдануға» мәжбүр болады. Қытайдың жер бетіндегінің «бәрін көретін көзіне» 600 миллион камера кіреді, яғни, 1,4 миллиард халқы бар елдің әрбір екі ересек азаматына шамамен бір құрылғыдан келетін болады. Skynet желісі Қытайдың барлық дерлік түкпірі мен аумағын қамтиды. Әлемдегі ең үлкен бейнебақылау жүйесі адам құқығы мен жеке өміріне қол сұғады, деп сынға ұшырағанымен, қытайлықтардың көпшілігі елдің қауіпсіздігі Skynet-тің арқасында жақсарды, деп есептейді. Полиция дерегі бойынша, мысалы, 20 миллионнан астам халқы бар Шанхай мен Бейжің мегаполистерінде кісі өлтіру мен тонау көп сиреген, соңғы жылдары қылмыстың ашылу көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Осы орайда тек Қытай ғана емес, сонымен қатар, Америка құрама штаттары да алдағы он жыл шамасында Айдың оңтүстік полюсінде өз базасын ашып қалуы мүмкін екенін айта кетпекпіз. Екі алып держава да Айдағы миссиясын бейбіт мақсатта жүзеге асыратынына сендіріп отыр. Бұдан бөлек, халықаралық нормаға сәйкес Айда қару орнатуға немесе Айды қандай да бір әскери жоба үшін пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен, бүгінде Айдағы халықаралық қатынасты реттеуге арналған нақты нормативтік база жоқ.

0 пікір
Мұрағат