|
Қытайда адам тәрізді роботтарға жеке басын куәландыратын цифрлы куәлік беріледі
|
Паспорттау науқаны адам тәрізді роботтардың барлығын қамтиды. Соның ішінде импортталатын роботтар да бұл науқаннан шет қалмайды. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы әрбір адам тәрізді робот “өмірге келген” сәтінен бастап “өлгенге” дейін берілетін, 29 символдан тұратын бірегей анықтау кодын - цифрлы куәлік алатын болады. Роботтарды жаппай паспорттау науқаны таяудағы Бейжіңнің экономикалық және технологиялық даму аймағындағы кеңесте ресми түрде ұсынылған «Гуманоидты роботтардың толық өмірлік циклін басқару платформасының» құрамдас бөліктерінің бірі болмақ. Робототехниканың бұл бағыты бұрын-соңды болмаған өрлеуді бастан кешуде - гуманоидты роботтар нақты жағдайларға қарай кеңінен енгізілуде, ал олардың функциялық деңгейі түрлі трюктерден нақты жұмыс істей алатын қабілетімен ұштасқан. Сонымен қатар, қиындықтар да бар - бағдарламалық және аппараттық үйлесімді бұзатын оқыс оқиғалар кезіндегі жауапкершілік шегі анықталмаған. Қытайға адам тәрізді роботтардың әлемдік өндірісінің 90% -ы тиесілі. Кодтау жүйесін әзірлеу жұмыстары жетекші өндірушілермен бірге жүргізілді. Қытай электрондық технологияларды стандарттау институты директорының орынбасары Юй Сюмин 29 таңбалы кодтың төрт сегментке бөлінгенін және бұл кодтардың роботтың «төлқұжаты» болатынын, осылайша ашықтықтың толассыз жүйесі үшін негіз бола алатынын жеткізді.
l мемлекеттің екі таңбалы коды роботтың шығарылған, яғни, құрастырылған елін көрсетеді, ал бұл өнімнің кедендік есебі мен экспортын оңайлатады;
l кәсiпорынның төрт мәндi коды қай компания өндіргенін көрсетеді, ал бұл код өз кезегінде оқыс жағдайда нақты тұлғаны жауапқа тартуға көмектеседі;
l алты таңбалы модел коды роботтың түрін және оның техникалық сипаттамаларын, моделін және шығарылған күнін көрсетеді;
l он жеті таңбалы сериялық нөмірі әрбір бұйым үшін бірегей, яғни, ешбір өнімде қайталанбайтын жеке нөмір бееріледі.
«Қазіргі уақытта біз міндетті мемлекеттік және салалық стандарттарды әзірлеп жатырмыз», - деп хабарлады Юй.
Гуманоидты роботтарға жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін кодтарды стандарттау оның барлық өмірлік циклін ретке келтіруге көмектеседі. Яғни, бұл науқан тек кодтау науқанын қамтып қоймай, сонымен қатар, адам тәрізді роботтарды өндіруге, айналымға енгізуге, жоюға, т.б. барлық кезеңіне қатысты қойылатын талаптарды қамтитын болады. Платформа толық тізбекті қамтиды: «әзірлеу - өндіру - пайдалануға рұқсат беру - сату - пайдалану - қызмет көрсету - пайдаланудан шығару - кәдеге жарату». Сондай-ақ, платформаарқылы «дереккөзді бақылауға, бүкіл процесті бақылауға, қауіп-қатерді болдырмауға және жауапкершілікті қамтамасыз етуге болады», деп атап өтті адам тәрізді роботтар саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитет жетекшісінің орынбасары Лйан Жин және өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі.
Бүгінде платформа 100-ден астам өндірушілерді біріктіреді. Осы уақытқа дейін 200-ден астам моделдегі 28 мыңнан астам робот жеке куәліктеріне ие болды.