|
Қытайда әлеуметтік желіде «жылауға» тыйым салады
|
Қытайда қазан айының 1-нен бастап интернеттегі жағымсыз контентті азайту бойынша ауқымды бастама жүзеге асырылады. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзінее сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің киберкеңістік жөніндегі ұлттық басқама бұл тарапта екі айға созылатын науқанның басталатынын жариялады. Бұл бастама әлеуметтік желілер мен платформаларды, тікелей трансляцияны қамтиды. Дәлірегі, «әлеуметтік шындықты бұрамлайтын, жағымсыз жайттарды асыра көрсететін, яғни, түймедейді түйедей ететін, шектен тыс жанаршырлық пен уайым шақыратын, т.б. материалдар қадағалаушы орган тарапынан жойылатын болады. Мұндағы мақсат жағымды контенттерді көтермелей отырып, әлеуметтік дүрбелең қатерін төмендетуге саяды. Қытай билігі интернетте мұндай шектеуге елдегі экономиканың шатқаяқтауына, тұтынушылар қабілетінің кемігеніне және жұмыссыздықтың белең алуына байланысты барып отыр. Сақтық шарасы ретінде қолға алып отыр. Бұдан бөлек, аталмыш науқан аясында «бәрі бекер, бәрі зая» секілді пессимистік көзқарастағы контенттерге, экономика туралы қауесеттерге, сондай-ақ, атақты тұлғааларға айрықша назар аударатын контенттерге бақылау күшейтіледі. Интернет пайдаланушыларын осындай контентке кез болса, тиісті орындарға хабарлауға шақырып отыр. Дегенмен, сарапшылар мұндай шаралардың халықтық алаң көңілін баса алатынына сенбейді.