Қытайдың жаңа картасына наразылық білдіруші елдер көбейіп келеді
Қытайдың жаңа картасына наразылық білдіруші елдер көбейіп келеді
8 ай бұрын 1008 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзия билігі оңтүстік-шығыс Азия теңізін түгел, сонің ішінде малайлардың Борнео жағалауын қамтитын ауданды да Қытайдың аумағы ретінде белгіленген «Қытайдың стандартты картасының» соңғы редакциясын сынға алды. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стратегиялық маңызы зор сулардағы шиеленістің өскеніне себеп болып отырған Қытай 2016 жылғы «тоғыз нүктелі сызық» деп аталатын жобаны негізсіз санайтын халықаралық сот шешіміне және оны 1982 жылғы Теңіз құқығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясымен алмастырғанына қарамастан, өз талаптарын күшейтіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдың қарулы күштері аталған теңіздегі жартасты аралдарға әскери бекеттерін салып, жағалау күзетін ашуы көршілерімен, атап айтқанда, Малайзиямен, Филиппинмен, Вьетнаммен, Тайуанмен арадағы қарым-қатынасына сына қағып, сызат түсірді. Малайзия өзінің Сабах және Сарауақ штаттарына деген талабына қайшы келетін Қытайдың біржақты сызылған картасын мойындамайтынын жеткізді. Бұл тарапта Үндістан да Қытайдың жаңа картасына наразылығын білдірді. Дәлірегі, үнділердің Арунашал-Прадеш штаты мен Ақсай-Шын үстіртін Қытай өз аумағы ретінде белгілеген. Бұдан бөлек, Индонезияның сыртқы істер министрі Ретно Марсуди оңтүстік қытай теңізіне қатысты ұстанымы мен «стандартты картасын» теріске шығаратындарын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат