Қытайдың Такламакан шөліндегі бидай өнімділігі ұлттық орташа көрсеткішті екі есеге арттырды
Қытайдың Такламакан шөліндегі бидай өнімділігі ұлттық орташа көрсеткішті екі есеге арттырды
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай аумағындағы ұшы-қиырына көз жетпейтін Такламакан шөліне егілген бидай 2025 жылы ел бойынша орташа өнімнен екі есе дерлік артық өнім берген. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Jingmai 189 деп аталатын бидай тұқымын Бейжің ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы академиясының ғалымдары құрғақшылыққа, сортаңға және жердегі қоректік заттарға төзімді етіп әзірлеген. Құрамында тұзы шектен тыс көп сортаңды жерде жүргізілген сынақ нәтижесінде өткен жылы тіркелген 399,2 келі орташа ұлттық бидай өнімімен салыстырғанда бір му (қытайлардың әдеттегі өлшем бірлігі) үшін, яғни, 666,67 шаршы метріне шаққанда 768 келі өнім берді (гектарына шамамен 11,5 тонна). "Сұрыптау немесе сорт селекциясының технологиясыы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті және Пәкістан мен Өзбекстан сияқты "Бір белдеу және бір жол” бастамасына қосылған елдерде де сынақ үшін өсіріле басталды”, деп мәлімдеді аталған академия хабарламасында. Адамзаттың негізгі қорегі саналатын әрі жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінде стратегиялық маңызға ие бидайдың мұндай түрі өз кезегінде жаһандық жылынуға байланысты  қарқын алған құрғақшылық пен сортаңдану процесіне қарсы тұра алатындығымен бағалы. Мұндай жетістікке Такламакан шөлінің қоршауындағы, дәлірегі, үш жағынан құм төнген Қытайдың орталығынан ең шалғай аудандарының бірінде - Макит уезінде қол жеткізілді. Аталған аймаққа жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем. Ал булану процесі 2000 мм-нен асып түседі. Құмның мінезі мен табиғатын қатты өзгерткен тұз бен аңызақ жел тоқтамайтын өңір ауыл шаруашылығына мүлдем жарамайды. Алайда, қытайлар бұл өлкені де пайдаланудың жөнін тапты. 2022 жылы Қытайда тұзға төзімді бидайдың алғашқы ресми сертификатталған сорттарының бірі ретінде ұлттық деңгейде мақұлданды. Бұл тараптағы селекция бағдарламасы алғашқы іріктеуден бастап ауқымды көрсетілімге дейін бес жылға жуық уақыт алған. «Жаңа сорттың нәтижесінің тұрақтылығына көз жеткізу үшін түрлі климаттық жағдайларда бірнеше вегетациялық маусымға тексерілуі тиіс», - деп мәлімдеді ғалымдар. Jingmai 189 бұған дейін көршілес Шаче округінде, сондай-ақ, Яркант деп аталатын, орташа өнімділігі бір муға шаққанда 650 келіден асатын орташа тұзды жерлерде отырғызылған. Алайда, бұл сортты қатты тұзды шөлейт топырақта өсіру бұрын-соңды болмаған. Ғалымдар бұл бидайдың сипаты жағынан ғана ерекшеленбейтінін, сондай-ақ,  сорттың генетикасымен де айрықшаланбайтыны, сонымен қатар, шөлді ортамен өзара әрекеттесе алатын қасиеті барын да алға тартып отыр. Оның кең тамыр жүйесі қопсыған немесе сусыған құмды ұстауға (құмның көшуін тежейді) көмектеседі, ал ұзақ вегетациялық кезең - қыркүйектің соңынан маусымға дейін - жел эрозиясын төмендететін қысқы топырақ жамылғысын қалыптастырады. «Әңгіме тек астық өндіру туралы ғана емес», - деді Гибридті бидайды зерттеу институтының аға агрономы Рен Липин. «Бұл тұқым шөлейттенуді бақылауға және басқаруға көмектеседі». Beijing Daily мерзімді басылымының хабарына сәйкес бидайдың әдеттегі сорттары қолайлы жағдайларда бір му үшін шамамен 200 келі астық беретінін алға тартып отыр. Өзіңіз салыстырып көріңіз. Өткен қыста бидайды отырғызудың бірінші маусымында зерттеушілер Jingmai 189 бір му үшін 350 еліден аса астық береді деп күткен еді - бәсекелес сорттарға қарағанда шамамен 50 келі артық. Соңғы жиын-терінде бұл күткен көрсеткіштен  едәуір асып түсіп, яғни, бір муға шаққанда астық түсімі 768 келіге жеткен.

 

0 пікір
Мұрағат