|
Радикалды раввин мұсылман дәрігеріне не үшін алғыс айтты?
|
Қасиетті Ақса мешітінің аумағында анық арандатуға бастайтын әрекетімен көзге түскен әрі сионистік бағыттағы атышулы мәлімдемелерімен аты шыққан израилдік радикальды раввин Йсхуд Глик ауыр халде Құдыстағы ауруханаға түскен екен. Оған мұсылман дәрігері қолұшын созып, жарақатын жазған көрінеді. Артынан радикальды раввин өмірі үшін күрескен мұсылман дәрігеріне алғыс айту мақсатында арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Мұсылман дәрігеріне алғыс айта келе ол өзіне оқ атып, төрт жерінен жаралаған палестиналық азаматтың артынан кешірім сұрағанын да айтты. Сондай-ақ, ол палестиналық азаматтың өзіне неге оқ атқанын да жасырмады. Оның айтуынша, Ақса мешітінде мұсылмандарға қарсы өшпенділікке толы әрекеті үшін жарақаттаған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды