|
Ресейде жалған неке қидырғандарды азаматтықтан айыратын заң жобасы қабылдануы мүмкін
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының қарауына жалған неке қидырғандарды азаматтықтан айыру қарастырылған заң жобасы енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Калуга облысының заң шығарушы ассамблеясы көтерген бастамаға сәйкес жалған неке қию, сондай-ақ, орыс тілін білу туралы жарамсыз сертификаттарды беру азаматтықтан шығуға негіз болуы керек. Аталмыш заң жобасының авторлары жалған құжаттар мен мәліметтерді пайдалануды сот тәртібімен анықтау керек, деп атап өтті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұрын РФ ішкі істер министрлігі жалған неке арқылы мигранттарды заңдастырумен күресетін заң жобасын әзірлеген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады