Испания мұсылмандары 30 жылда 10 есеге өскен
Испания мұсылмандары 30 жылда 10 есеге өскен
8 ай бұрын 979 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испаниядағы мұсылмандар қарасы соңғы 30 жылда 10 есе көбейіп, бүгінде 2,5 млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне жөн сілтей отырып мәлім етеді. Кәрі құрлықтағы аталған елдің ислам комиссиясының хатшысы Мұхаммед Аджанның атуынша, бұл – ресми көрсеткіш, ал ресми емесі бұдан да көп – 3 млн мұсылман. Еуропадағы осы елдегі 3 млн мұсылманның 1 млн-ы Испания азаматы, қалғаны Марокко, Пәкітан, Бангладеш, Сенегал және Алжирден келген иммигранттар құрайды. Бұл елдегі мұсылмандардың дені Каталония, Валенсия, Андалузия және Мадрид секілді ірі саяси әрі мәдени орталықтар мен өнеркәсібі өркендеген аймақтарда тұрады. Испанияда 53 мұсылман ұйымы мен екі мыңдай мешіт тіркелген. Испан мұсылмандарының ең басты проблемасы – қайтыс болғандарды жерлейтін мазардың жетіспеушілігі. Бұдан бөлек, Испания билігі мешіт құрылысына рұқсат бере бермейді.

0 пікір
Мұрағат