Киімді химиялық жолмен тазалауда қолданылатын белгілі заттың Паркинсон ауруын тудыратыны анықталды
Киімді химиялық  жолмен тазалауда қолданылатын белгілі заттың Паркинсон ауруын тудыратыны анықталды
11 ай бұрын 845 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар соңғы 30 жылда Паркинсон дертіне шалдыққандар санынынң күрт өсіп кеткеніне алаңдап, дабыл қаға бастады. Болжам бойынша 2040 жылға дейін аталмыш дертке шалдығатындар қарасы бүгінгі деңгеймен салыстырғанда екі есеге артпақ. Бұл жайында islam.kz порталы content.iospress.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұның себебін іздеген ғалымдар бұл тарапта трихлорэтиленнен (киімді химиялық жолмен тазалауда пайдаланылатын зат) күдіктеніп отыр. Паркинсон дертімен күресудегі негізгі кедергіге аталмыш заттың организмге әсерінің бірден білінбей, ондаған жылдардан соң білінетінін жатқызады, бұл аралықта ауру асқынып, ем-домға бой бермей кетеді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары күллі әлем бойынша тазалаушы құралдарда кеңінен қолданыла бастаған осынау химиялық затпен ммиллиондаған адам жанасады. Трихлорэтилен лемнің көптеген елдерінде ресми тыйым салынған химиялық зат болғанымен оны әлі күнге пайдаланатын елдер бар. Тіпті, пайдаланудан тыйылған күннің өзінде бұл химиялық зат су мен топырақты ластап үлгерген. Сол себепті, бұл затты толық пайдалануды тоқтатқанның күннің өзінде мәселені шешпейді. Бұған қоса, трихлорэтиленнен бөлек адамдарға түрлі кеселге ұрындыратын өзге де түрлі химиялық қоспалар  да қолданыста. Олардың барлығы организмге улы болып келеді. Яғни, химиялық заттардан адамзат толық құтыла алмайды.

0 пікір
Мұрағат