|
Сахара шөлінде 44 адам қаталап өлді
|
Әлемдегі ең үлкен Сахара шөлінің Нигерияға қарайтын аумағында 44 адам қаталап өлді. Шөлдеп өлгендердің дені балалар мен әйелдер. Бұл қайғылы оқиға босқындар басында болды. Еуропаға төтелей бас сауғалағандар Сахара шөлін кесіп өтіп, Жерорта теңізіне жетіп, Еуропа аспақ болған екен. Алайда, елсіз, иен жатқан тұлдыр жоқ шөлдің ортасында 50 адам мінген автокөлік бұзылып қалған. Мигранттар Гана елінен болатын. Олар бір аптадай уақытын шөлде өткізген. Бұл аралықта тек алты адам ғана тірі қалған болатын. Олар ең жақын маңдағы мигранттарға көмек көрсететін орталыққа ауыр халде жеткізілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар жарық жылдамдығын таспаға тартып алудың орайын тапты (видео)
■
Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
■
Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді
■
Биыл өлім жазасы ең көп қолданылған елдер аталды
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар