|
Хусит бүлікшілері жамағатпен намаз оқуға тыйым салды
|
Йеменде сүнниттің адамы болғаны үшін заңды билікті мойындамай бүлік шығарып, ел ішін алатайдай бүлдірген хуситтік тайпа көтерілісшілері өздері басып алған аумақта адамдар жиналатын іс-шараларды өткізуге, соның ішінде, намаз оқуға, медреседе бәлім алуға тыйым салды. Gulf News мерзімді басылымы хабарлағандай, йемендіктер соғыс өртінің тұтануына түрткі болған хуситтерді жек көреді әрі қарғайды. Мұсылмандар намаздарында хуситтерге қарсы дұға етеді. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бері тоқтамаған соғыстан он мыңдаған адам опат болды. Елдің алды аштыққа ұшыраған. Жығылға жұдырық дегендей, ауыз су тапшылығынан тырысқақ індеті бас көтеріп, 44 адамның өмірін қиып үлгерді. Олардың көбісі -балалар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады