Сауд Арабиясының MADEN компаниясы 7,8 миллион унция алтын тапты
Сауд Арабиясының MADEN компаниясы 7,8 миллион унция алтын тапты
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы аумағынан 7,8 млн унцияға жететін қосымша алтын қоры табылды. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның MADEN мемлекеттік тау-кен компаниясы  ел аумағының төрт аймыағынан, соның ішінде бұрыннан бар шахталардан 7,8 млн унция алтын қоры табылғанын жариялады. Қосымша алтын қоры расталған өңірлер: Мансұр Масар, Ұрық 20/21, Ұм Ас Салам және Уәди әл-Жау. Олардың ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда Мансұр Масар шахтасының қоры 3 миллион унцияға артты. Мансұр-Масарда тоннасына 2,8 грамм алтыны бар қолданыстағы қорлар 116 миллион тоннаны құрайды, барлығы 10,4 миллион унцияға жетті. Ұрық және Ұм Ас-Салам аудандарында қосымша 1,6 миллион унция табылды, ал Уәди әл-Жау өлкесінде алғаш рет 3,08 миллион унция қоры расталды. Бұдан басқа, әр-Ружумның солтүстік ауданында алтынның жаңа тұнбасы табылды, ал Жабал-Шаабан мен Жабал-әл-Уәкілдегі бұрғылаудың алғашқы нәтижелері мыс және никел сияқты минералдар қорын растады.

0 пікір
Мұрағат