|
Саудия астанасында метро ашылады
|
Саудия монархы Салман Ер-Рияд қаласында ашылуы тиіс метроның жобасын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Saudi Press Agency ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Метрополитен алты желіден тұрады. Қала басшылығының пікірінше, ол Сауд Арабиясы астанасындағы қоғамдық көліктің негізіне айналуы тиіс. Желінің ұзындығы 176 шақырымды құрайды. Метрода 85 станция болады. Желi келесi екi ай iшiнде кезең-кезеңімен ашылады. Туризм саласын дамытуға ден қойған Саудияның аталмыш жобасы астананы дамытудың әрі қажылар мен қала тұрғындарына қызмет көрмсетудің бір бөлігі ретінде қарастырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды