Саудия королі әлемнің әр түкпірінен 1000 қажының ұмра шығынын өзі көтеріп алды
Саудия королі әлемнің әр түкпірінен 1000 қажының ұмра шығынын өзі көтеріп алды
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының королі Салман бин Әбдіәзіз әл Сауд әлемнің әр түкпірінен ұмра қажылығын өтегісі келетін 1000 қажы өз есебінен қабылдауға өкім берді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бастаманы ислам істері, дінге шақыру және тура жолға салу жөніндегі министрлік жүзеге асыратын «Қасиетті қос мешіт қамқоршысының меймандарына арналған бағдарлама» аясында жэжүзеге асырылады. Бағдарлама хижра жыл қайыру күнтізбесі бойынша 1448 жылы төрт кезеңге шақталған. Алғашқы кезеңінде Саудияға Азия елдерінен 250 қажы келді. Олардың арасында Индонезия, Малайзия, Филиппин, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Камбоджа, Вьетнам, Сингапур және Моңғолия қажылары бар. Ислам істері жөніндегі министрлік өкілі , Әбділәтіп әл Шейх бұл бағдарлама мұсылман елдері арасындағы байланысты нығайту мақсатында қолға алынып отырғанын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат