Саудия мен Пәкістанның арасындағы келісім «сарапшылардың түн ұйқысын қашырды»
Саудия мен Пәкістанның арасындағы келісім «сарапшылардың түн ұйқысын қашырды»
2 ай бұрын 1024 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Сауд Арабиясы мен Пәкістан арасында қорғаныс саласы бойынша ауқымды келісім жасалды. Бұл оқиға сарапшыларды түрлі ойға жетелеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Ynet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Авив университетіне қарасты ұлт қауіпсіздігін зерттеумен айналысатын институттың аға ғылыми қызметкері және Уашингтондағы Middle East Institute компаниясының ғалымы, доктор Йоел Гузанскидің жазуынша, әлемде қандай да бір мемлекеттердің қандай салада болмасын өзара ортақ келісімге келіп жататыны заңдылық. Оның еш оғаштығы жоқ. Алайда, Саудия мен Пәкістан арасындағы келісімге әдеттегі келісім ретінде қарай алмайтынын білдіріпті. Сарапшы неден қауіптенеді? Аталған екі мұсылмман елінің арасындағы бұл келісімнің негізгі шарттарының бірі осы екі мемлекеттің қайсыбіріне шабуыл жасалса, бұл екі елге де шабуыл жасалғанмен бірдей әрекет ретінде бағаланады. Сарапшылар бұл шартты Солтүстік Атлант саяси-әскери альянсының (НАТО) бесінші бабына баламасы ретінде қарастырады. Яғни, бұл арада «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» принципі турасында сөз болып отыр. Ал кейбіреулер бұл келесімді бұрыннан келе жатқан әскери және экономикалық байланыстың жалғасы деп қана біледі. Пәкістан – жаппай қырып-жоятын қаруға ие жалғыз мұсылман мемлекеті. Саудия Пәкістанның әскери одақтасы ретінде ядролық панасы бар елге айналады деген пікірлер айтылып қалып жатыр. Бұған негіз де жоқ емес. Өздеріңіз білесіздер, жақында Таяу Шығыс бойынша Америка құрама штаттатырының негізгі одақтасы Катарға Израил шабуыл жасады. Осы "бас жарып, көз шығаратын" оқиға АҚШ-тың кепілдігіне қатысты Парсы шығанағы елдерінің сеніміне сызат түсіріп кетті. Осыны ескерген сарапшылар Саудияның әскери әлеуеті жоғары Пәкістанмен арадағы келісімін қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде қабылдап жатыр. Бұған қоса, Пәкістан Саудияны ядролық панасына алғандығы туралы екіұшты пікірлер айтылып жатыр. Саудия Пәкістанның ядролық бағдарламасына қаржы құйып келеді. Қанша қаражат жұмсағанына қатысты нақты дерек жоқ. Негізінде Пәкістанның ядролық арсеналы Үндістанды тежеу мақсатында қызмет етеді. Аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін емес. Соған қарамастан Саудия аумағында бүгінгі таңда пәкістандық екі мыңдай әскери қызметкері ұдайы болады. Олар әскери кеңес берумен, стратегиялық маңызды нысандарды қорғаумен айналысады. Тіпті, екі елдің әскери ынтымақтастыңының тарихы тереңде екенін біреу білсе, біреу білмес: 1960 жылдардан бастап пәкістандықтар саудиялық сарбаздарды әскер өнеріне баулып, жаттықтырып келеді. Дегенмен, бұл келісімнің шарттары міндетті емес. Олай деуімізге 2015 жылы Саудия бастаған коалицияға Пәкістан қосылған емес. Саудия тарапы Пәкістан мен Үндістан арасындағы Кашмир дау-дамайына араласқан емес. Бұл келісімнің әскери бағытынан гөрі саяси сипаты басым. Екі елдің арасындағы келісімнің көбісі жасырын әрі формалды сипатта болғанын айта кету керек, Саудия қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Енді ашық сипат алып отыр мұндай келісім. Екіұштылық жоғалды, керісінше жаңа сауалдар сарапшылардың басын қатыруда: дағдарыс жағдайында келісім бойынша екі ел қандай әрекеттерге баруы мүмкін? Әскери ынтымақтастық одан ары тереңдей ме? Осы орайда Саудияның қас жауы осы уақытқа дейін Иран саналып келген еді. Спутниктің мәліметке қарағанда, Саудияның зымырандары Иранға бағытталып тұр. Израилге емес. Алайда, бүгінгі Таяу Шығыстағы шиеленіскен ахуал аймақтағы елдердің стратегиясын қайта қарастыруға итермелейтіні сөзсіз.

0 пікір
Мұрағат