|
Сәулет: Ақылды мұнаралар тұрғызылады (фото)
|
Венсан Калебо есімді сәулетші "2050: Париж – ақылды қала» деп аталатын жоба аясында мұнара түрінде сегіз тұрғын үйдің жобасын жасап жатыр. Мұнара үйлер Франция астанасының қақ ортасынан тұрғызылатын болады. Құрылыс және сәулет саласында мұндай инновациялық өзгеше жобаның қолға алынуына қоршаған ортаның зиянды заттардан шектен тыс ластануы себеп болған. Жасыл желек әр мұнара үйдің сыртқы ажарын кіргізіп қана қоймай, оттегі бөліп, қала экологиясының жақсаруына септігін тиігзетін болады. Осынау биоклиматтық құрылғы, сондай-ақ, жаңғыртылатын энергияның үш түрімен жабдықталады. Бұған қоса, әр ғимараттың өзіндік су албары мен суды сүзгіден өткізетін және жылытатын станциясы болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды