|
Шартарап: Бразилияда банк тонамақшы болған ер адам күлкіге қалды
|
Бразилияда банкті тонамақшы болған ер адам видеоға түсіп қалды. Кадрдан басына мотоцикл жүргізгенде киюге арналған шлемді киіп алған ер адамның терезеге жақындағанын көруге болады. Ол қалтасынан тапаншаны алып шығып, алдында тұрған сөреге қойып, балғаны алып шығу үшін едендегі сөмкесіне еңкейеді. Осы кезде банкке келушілердің бірі тапаншаны білдірмей алып, қашады. Тонаушы балғасымен шыныны шағуға тырысып, бірнеше рет ұрғаннан кейін мұнысынан түк шықпайтынын түсініп, қашуға бел шешеді. Осыдан кейін ер адамның есіне тапаншасын ұмытып кеткені түсіп, оқиға орнына қайта келеді, бірақ ол жерде қарудың жоқ болып шыққаны тонаушыны қатты таңғалдырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды