|
Шетелдік азаматтарды аңдуға қатысты заңның мерзімін ұзартты
|
Америка құрама штаттарының сенаты америкалық арнайы қызметке шетелдік азаматтарды ел аумағынан тысқары жерде электронды жолмен аңдуға мүмкіндік беретін федералды 702 заңының мерзімін ұзартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жейк Саллиба мәлімдемесіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңның қолданылу мерзімі сәуір айының 19-ы күні аяқталған болатын. Сенатқа дейін өкілдер палатасы заңның мерзімін екі жылға ұзартуды мақұлдаған еді. Енді парламентшілер мақұлдаған құжатқа АҚШ президенті Жон Байден қол қоюы тиіс. Заң мерзімін ұзратудағы мақсат лаңкестік қауіптің жолын кесуге саяды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды