Шіркеу Иса мешітіне айналды (ФОТО)
Шіркеу Иса мешітіне айналды (ФОТО)
9 жыл бұрын 3246

Нью-Йорк штатына қарасты Сиракьюс қаласындағы ғибадат үйін алдымен шіркеу екен деп қаласыз. Сәулеті мен сәніне қарап. Ал мұқият зер салсаңыз оның ешқандай да шіркеу емес, мешіт екенін байқайсыз. Өйткені, оның қақ төбесінде христиандардың ажырамас атрибутына айналған айшық емес, мұсылмандардың символы болып табылатын жарты ай тұр. Мешітке айналған осынау христиандардың құлшылық үйінің ішін мұсылмандыққа тән кепке келтіру үшін 10 мыңнан аса айшықты өшіруге тура келген. Бұл мешітке Иса пайғамбардың есімі берілді. Аталмыш шіркеуді сатып алып, мешітке айналдырған ислам орталығының директоры Юсуф Соуленің айтуынша, ғибадат ғимаратын жөндеуден өткізу үшін 300 000 доллар шығынданып үлгерген. Қаржыны қойшы, бір реті табылар, мұсылмандар шіркеудің мешітке айналғанына наразы христиандардың көңілін табу үшін көп күш-жігер жұмсаған.

Церковь стала мечетью Иисуса (ФОТО)
0 пікір
Мұрағат