Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
2 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сингапур өткен жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі бойынша әлемдегі екінші ел атанды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Economist мерзімді басылымына жөн сілтеген eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 90 700 АҚШ долларымен алға шыққан Сингапур Швейцариядан кейін (100 000 доллар) екінші орыннан көрінді. Үшінші орынды 86,800 доллармен Норвегия иеленді. Жұмыс істеген сағаттарды ескере отырып, Норвегия рейтингте көшбасшы болды, одан кейін Катар мен Дания. Сингапур Нидерландыдан кейін сегізінші орынды місе тұтқан. Аталған оңтүстік-шығыс Азия елінің ңбек министрлігінің дерегі көрсеткендей, Сингапурда қызметкерлер 2024 жылы аптасына орта есеппен 43,3 сағат жұмыс істеген. Салыстыру үшін алсақ, Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне қарағанда, өткен жылы Норвегияда қызметкерлер орташа алғанда аптасына 33,2 сағат жұмыс істеген. Тамыз айында Сингапур 2025 жылға Remote.com өмір мен еңбек теңгерімінің жаһандық индексінде 100 елдің 57,85-ін жинап, 60 елдің ішінен 25-орынды иеленді. Жаңа Зеландия, Ирландия және Белгия тиісінше 86,87, 81,17 және 75,91 ұпайларымен индекстің бас жағынан көрінген. Дегенмен, Сингапур жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерім бойынша Азия елдері арасында бірінші орынғаа табан тірегенін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат