|
Сирияда әр сағат сайын 1 мұсылман бақилық болады
|
Сауд Арабиясының Жидда қаласында әлемдегі мұсылман елдерінен түрлі ұйым өкілдері бас қосты. Осы жиында Сирия Ғұламалар лигасының бас хатшысы Мұхаммед Ясир әл-Масанди сөз алып, бүгінгі таңдағы Сирия халқының басындағы қасіретке тоқталды. Оның айтуынша, ел тұрғындарының жартысы босқынға айналған, неше жылға созылған соғыс сойқанынан 300 мыңнан аса адам опта болған, ал кемтар болып қалғандар қарасы қаза тапқандардан асып кеткен. Ғұламаның сөзіне қарағанда, орташа есеппен алғанда Сирияда әр сағат сайын 1 адам көз жұмады екен. Ал сарапшылар ел билігінің тізгінін ұстап отырған Башар Асад әскерінің 75 пайыздан астамын сүннетті ұстанатын мұсылман сарбаздары құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды